29.07.2014 в 14:34

Президенттің туысы қайтыс болды

Ауғанстан президенті Хамид Карзайдың немере ағасы Кандагарға жақын қалалардың бірінде терроршы қолынан қаза тапты.

Жергілікті губернатордың баспасөз-хатшысының айтуынша, саяси ықпалы бар Хашмат Карзайды діни мереке кезінде құшақтап құттықтаған біреу өзін өзі жарып жіберген. Бұл Ораза айт мерекесі болу керек.