Осы күндері «Қазақстанда жасалған» акциясының шеңберінде облыстық өнеркәсіп өндірушілердің көрмесі мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде. Мұнда астаналықтарға 300 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері нарықтағы бағадан 15-20 пайызға арзан саудалануда.
Бүгінгі жәрмеңкеге Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев пен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, ауыл шаруашылық өнімдерімен танысты. Өз кезінде облыс әкімі азық-түлік
Сонымен, жалпы көлемі 304 тонна болатын өнімдердің құрамында 60 тонна ет және ет өнімдері, 126 тонна көкөніс, 29 тонна жеміс-жидек, 7 тн сүт өнімдері, 5 тн шұбат, 25 мың дана жұмыртқа, 40 тн бақша өнімдері, 7 тн балық, 7 тн бал, 3 тн өсімдік майы мен 5 тн кептірілген жеміс 15 тн басқа да өнімдер бар.
Елордалықтарға алып келген ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы құны 100,8
Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шарушылығы бағытында жүйелі жұмыстар атқарып, толағай табыстарға жетіп отыр. Атап айтқанда биыл облыс шаруаларымен 470 мың тн. (2015ж. 246 мың тн.) астық жиналып, түсімділігі орташа есеппен 22 ц/га. құрады. Бұл Қазақстанның Тәуелсіздік кезеңіндегі ең үлкен рекордтық көрсеткіш болып табылады. Ал жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерінің көлемі жылдан - жылға ұлғаю үстінде. Нақтырақ айтсақ, 2008-2016 жылдар аралығында жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерінің егіс көлемі 17,7 мың га. болса, биыл бұл 30 мың га жеткізілді.