Байқау автоматтандырылған бағдарлама арқылы жүргізіліп, қорытынды шығарылады. Басшы лауазымына үміткер 90 минут ішінде 120 сұраққа жауап беруі тиіс. Ал өзгелеріне 96 сұрақ беріледі. Айта кету керек, жаңашылдықтар Ұлт жоспарына сай жүргізіліп жатыр.
Айгүл Шайымова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары: - Техникум немесе колледж тәмамдаған адамдардың назарын мынаған аударғым келеді. Сіз де мемлекеттік қызметке орналаса аласыз. Алайда, ауылдық, не аудандық деңгейде ғана қызметке тұрасыз. Жалпы, мемлекеттік қызметке орналасқандар жайында айтар болсам, жыл басынан бері 5 215 адам жұмысқа тұрды. Олардың барлығы үш кезеңнен тұратын іріктеуден өтті. Сол сынақтан өткендердің ішінде 10 пайызы жоғары оқу орындарының түлектері. Бұған қоса, жалпы конкурс шеңберінде мемлекеттік қызметке жеке сектордан 1 мың 392 адам ауысты.