25.10.2016 в 18:34

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Медиа-орталығы ашылады

Ертең ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Медиа-орталығы ашылады. Бұл туралы  Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі Берік Уәли өзінің Фейсбуктегі парақшасында жариялады.

«Қадірлі әріптестер! Жақсы жаңалығым бар. Ертең, 26 қазанда, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Медиа-орталығы ашылады. Бұл жерде апта сайын брифингтер өткізуді жоспарлап отырмыз. Алғашқы баспасөз конференциясының спикері  -  ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Қамалиев Берік Сайлауұлы. Министрліктің қызметіне қатысты толғандыратын тақырыптарыңыз, сұхбаттасам деген спикерлер жөніндегі ұсыныстарыңыз бар болса, жазыңыздар. Алдағы брифингтерді жоспарлау барысында барлығын да ескеретiн боламыз!», - делінген.

Бұл өз кезегінде  халыққа есеп беруші ашық мемлекеттік бағыты аясында жұмыс атқаратын, министрлікте атқарылған жұмыстарды ел алдындағы жариялылығын қамтамасыз ететін - орталық болады деп сенеміз.