бағзыдағы ұлы түркілер құрған кеңістіктен бастау алатынын байқау қиын емес. ХХ ғасыр басындағы төңкеріске дейін де, Кеңес Одағы тұсында да әлемдегі түркітанудың ең үлкен
– Жер бетін келісім мен бейбітшілікке шақыратын еуразияшылдық идеясының қайнары ғасырлар қойнауында жатыр. Ол сақ дәуірінен бастап, мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан тұтас көшпенділер мәдениетімен сабақтас. Әлбетте, біздің жерімізде Мысыр пирамидалары немесе Колизей сияқты жаһандық маңызға ие ескерткіш болмауы мүмкін, алайда көшпенділердің әлемдік тарихтағы рөлі талассыз, деген болатын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Белгілі ғалым Мұхтар Құл-Мұхаммедтің айтуынша, бүгінде 30-дан астам ұлт пен ұлыстан тұратын түркі халықтарының саны 200 миллионға жуықтады. Олар оңтүстік батыста Жерорта теңізінің жағалауынан бастап, солтүстік-шығыста Солтүстік Мұзды мұхитқа дейінгі Еуразияның апайтөс алып даласында алты тәуелсіз мемлекет, оның ішінде Ресей Федерациясының өзінде 20-дан астам түркі тілдес халықтардың түрлі субъектілерімен, кей жерде автономиялық, кей жерде еш субъектісі болмаса да үлкен облыстар құрамында өмір сүріп жатыр. 200 миллионға жуық халық бір кездері бір
мемлекеттің құрамында болған. Егер адамзат тарихының кейінгі 1,5 мың жыл бұрынғы тарихын санамалайтын болсақ, түркі жауынгерлерінен қорғану үшін Ұлы Қытай қорғаны салынды. Өзінің басты қарсыласы түркілер деп есептеген Қытай тарихында бірыңғай сақтану, күшею, нығаю тарихы жүрді. Ал түркі жұртының тарихы 745 жылы Түрік қағанаты ыдырағаннан кейін ыдырау, бөліну, бөлшектену тарихы болды. Нәтижесінде, ХХ ғасыр басында дүние жүзі картасында жалғыз тәуелсіз түркі мемлекеті – Түркия орын алды, қалған 30-ға жуық үлкенді-кішілі, жалпы саны миллионнан асатын үлкен түркі этностары алпауыт мемлекеттер құрамындағы басында билігі жоқ бодан елге айналды. Міне, сондықтан «түбіміз – бір, түгеліміз енді жиналуымыз керек» деген ұранмен түркі дүниесінің тұтастану ғасыры басталды.
ұлттар ұсынар өміршең бастамаларға, игі мақсатты көздеген интеграциялық қадамдарға да соншалықты бейілміз. Бұл керуен біздің ежелден қалыптасқан байланыстарымызды нығайта отырып, келешек қарым-қатынастарымызды айқындап, ата тарихымыздың бастауы – Алтайдан табылған рухани құндылықтарды игеруге мүмкіндік ашуы тиіс. Нәтижесінде түркі халықтарының салт-дәстүрлері мен мәдениетінің алтын қазығы – номадтық өркениетті зерттеу арқылы тың тұрпаттағы тарихи еңбектер, тәлімді оқулықтар жазылады.
Сондықтан керуеннің алғашқы төрт кезеңді «Ұлы далада бейбітшілік пен жақсылық жасасын!» ұранымен Ұлы Еуразия даласын мекен еткен халықтарға арнауы бекер емес. Ұйымдастырушылардың есебінше, Алтайдан Дунайға дейінгі бағытты қамтыған төрт жылда Қазақстан, Ресей, Украина және Венгрия елдерінің ақпарат құралдарында 2 мыңнан астам телерадио бағдарламалары мен мақалалар жарық көріп, мыңнан астам кездесулер мен бітімгершілік тақырыбындағы шерулер өтіпті. Бұл бұрын-соңды болмаған насихат. Тарихымызды таныту арқылы жақындаймыз, бір-бірімізге даңғыл жол ашамыз деуіміздің себебі осы. Айталық, 1999 жылы 3 мамырда Ресейдің Алтай аймағынан басталған экспедиция Қазақстанның Павлодар, Астана, Атбасар, Есіл, Лисаковск, Жетіқара бағытымен жүріп өтіп, ары қарай Челябинскі облысының «Арқайым» қорығы, Башқұртстан, Орынбор, Орал тауы арқылы жалғасты. Бұл бірінші кезең болатын. Ал екінші кезең 2000 жылдың қыркүйек-қараша айларында ұйымдастырылды. Қазақстан мен Ресей шекарасынан түйінделген жолды ары қарай жалғаған бұл кезеңде экспедиция мүшелері Саратов, Воронеж, Белгород облыстарымен жүрді. Ал 2001 жылдың тамыз айынан қарашасына дейінгі уақытта Украинаның 11 облысын басып өтті. 2005 жылдың қазан айындағы төртінші кезеңде экспедиция Венгрия аумағымен жылжыды. «Мажар кезеңі» Австрияның шекарасында, Дьер қаласына жақын жерден аяқталды. Бұл жобаға Ресей саяхатшылар қауымдастығы, Венгрия қыпшақтары одағы, Украинаның
«Перша столица» телеарнасы қатысты. Жобаға еліміздің Мәдениет және спорт министрлігі демеушілік жасады.
«Алтай-Дунай» экспедицияның негізгі мақсаты – көшпенділер мәдениетінің әлемдік өркениетке қосқан үлесін айшықтау, Қазақстанның соңғы 25 жылда қол жеткізген жетістігін насихатттау, Елбасының бейбітшілік бастамаларын тарату еді. Осы ой орамында елімізде түрлі ғылыми-әлеуметтік халықтық жобалар жүзеге асырылып жатқанын да айта кеткен ләзім. Мысалы, Шығыс Қазақстаннан табылған Алтайдағы Берел қорғандары (б.з.д. І мыңжылдық), Берел жылқысы (б.з.д. IV ғ.) археологиялық ескерткіштері мен петроглифтері (б.з.д. ІІ – І мыңжылдық), сондай-ақ тастағы таңбалар сынды түркі әлемінің деректі шежіресі және нумизматикалық деректердің орны ерекше. 1734 жылы жарық көрген Сапожниковтың Алтай тарихына қатысты «Пути по русскому Алтаю» еңбегі, IV Иванның Қазан хандығын жаулап алуы баяндалатын Михаил Херасковтың 1786 жылы жарыққа шыққан эпикалық туындысы, Дешті Қыпшақтан бастап Түркістанға дейінгі тарихи кезеңнен мол мағлұмат беретін 1853 жылы жарық көрген «Ученые записки академии наук» жинағы, ағайынды Харузиндердің басты еңбектерінің бірі саналатын «Курганы Букеевские степи» және тағы басқа жүздеген, мыңдаған жазба ескерткіштерді саралауға мүмкіндік беретін Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетіндегі «Алтайтану» ғылыми орталығы іспетті институттар әр қалада жұмыс істеуде.
Экспедицияның тартымды нәтижелерінің бірі ретінде «Қазақстан – бейбітшілік үшін» бейнефильмі мен телебағдарламасы түсірілгенін, «Еуразия көшпенділерінің мұрасы» атты жолжазба очеркі мен фотоальбомы жарыққа шыққанын және «Еуразия. Дала. Халықтар» телефильмі мен фотокөрмесі ұйымдастырылғанын айтуға болады. Мұнда саяхатқа қатысушылардың сарыла атқарған ауқымды жұмысының нәтижесі жатыр. Былтыр елордада «Алтай-Дунай» халықаралық қазақстан-венгер экспедициясының V кезеңінің тұсаукесер рәсімі өтті. «Астана-Арена» стадионы алдындағы алаңда киіз үйлер, шатырлар мен этноауыл құрылды. Шараға Қазақстан мен Венгрия
елдерінің Үкімет басшылары келді. Мажарстандық меймандар экспедиция көрмесімен танысып, ежелгі бабалардың ат үстіндегі жауынгерлік өнерлерін тамашалаған болатын. Кеш соңында экспедицияның жаңа бағытына сәттілік тілеп, шығарып салған-ды.
Әу баста Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайының бастамасымен Ұлы Дала белдеуін түйемен жүріп өту арқылы әлем назарын Еуразия даласындағы халықтардың тарихи ықпалдастығына аудару мақсатында ұйымдастырылған халықаралық археоэтнологиялық экспедиция бүгінде бүкіл елдің болмыс-бітімін айғақтайтын бірегей жобаға айналды.
Ең бастысы, мемлекеттік маңызы зор экспедиция жетекшісінің есебі Парламент Мәжілісінде тыңдалып, депутаттардың оң бағасына ие болды. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев және Ресей Мемлекеттік Думасының төрағасы Г.Селезнев экспедицияға қатысушыларға алғыс айтты. Елбасының «Ұлы дала өркениеті тарихи өзектілігі тұрғысынан өзгелерден қалыспай, әрі қарай тыңғылықты зерттеуді күтеді. Біз әлемдік деңгейде Қазақстанды Ұлы Дала өркениетінің бесігі ретінде көрсете білуіміз қажет. Бұл – «Мәдени мұра» бағдарламасының ұлы мұраттарының бірі» деген сөзі бар. Шынында, «Алтай-Дунай» экспедициясы «Мәдени мұраның» асыл мұраттарымен қабысатын бірегей жобалардың бірі. Алда әлі ұзақ сапарлар тұр. Бұл ұлттық құндылықтарды ұлағаттауға арналған ұлы сапар, ұлы саяхат, ұлы керуен!
Думан Нұрланұлы