"Ағымдағы жылдың тоғыз айында 3 535 мемлекеттік қызметкер тәртіптік жазаға атартылды. Олардың 10 пайызы тәртіптік комиссия ұсынысымен қызметтік этиканы бұзғаны үшін жазаланды. Сегіз адам қызметтік орны бойынша төмендетілді, 17 адам мемлекеттік қызметтен босатылды, - делінген хабарламада.
Мүдделер қайшылығы немесе этикалық тұрғыдағы басқа да проблемаларға қатысты мемлекеттік қызметкерлер мен азаматтарға этика бойынша уәкілден кеңес алуға болатыны айтылды. Этика бойынша уәкілдер барлық орталық және жергілікті басқару органдарында бар. Республика бойынша жалпы 34 этика бойынша уәкіл жұмыс істейді. 10 айда этика бойынша уәкілге 365 мемлекеттік қызметкер мен азамат жүгінген және кеңес алған.
Биылғы 10 айда елдің барлық аймағында жұмыс істеп келе жатқан Әдеп жөніндегі кеңестің 126 отырысы өтті. Әдеп жөніндегі кеңес қарауға 207 ұсыныс беріп, оның 95 пайызы орындалды. Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынысымен 344 мемлекеттік қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 54 пайызы қызметтік әдеп нормаларын бұзғандар.
"Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік қызметкерлердің әдеп нормалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамауы туралы азаматтардың арыздарын ерекше қарауға алатынын ескертеді. Агенттіктегілер Қазақстанның барлық аумағы бойынша 1424 тегін кеңес беру орталығы істейді", - деп толықтырды баспасөз қызметінің өкілдері.