Бұл конгресс халықаралық және қазақстандық сарапшыларды, үкімет пен жергілікті атқарушы билік өкілдерін, ұлттық холдинг пен ұлттық компаниялардың басшыларын, даму институттарын, ҒЗИ және ұлттық инновациялық жүйенің негізгі қатысушыларын жинайды деп күтілуде. Осы жолы конгресс Қазақстан Республикасы үшін маңызды төрт бағыттарға көңіл бөледі: энергетика, жаңа материалдар, информациялық және коммуникациялық технологиялар (автоматизация, роботизация, цифровизация), агроөнеркәсіптік кешендегі терең қайта өңдеу.
Конгресс бағдарламасы «МИИДБ екінші бесжылдығындағы инновациялардың рөлі» тақырыбындағы Пленарлық отырыстан, «Маңызды технологиялар дамуының халықаралық тәжірибесі» панелдік сессиялардан, және ЭКСПО-2017 Тұжырымдамасы аясындағы «Таза технологиялар» дамуы сессиясынан тұрады. Бұл үшін конгресске мемлекеттік саясат, экономика және инновация саласындағы беделді халықаралық ұйымдар мен институттар тартылады.
«Конгресс жұмысында ерекше орын жиырма алты инновациялық жобаға бөлінеді, олардың ішінде ЭКСПО-2017 халықаралық мамандырылған көрмесінің жоба-қатысушылары бар. Көрме мақсаты Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуының субьектілерін көрсету болып табылады», - деп мәлімдейді басқарма төрағасының орынбасары Өміржан Тәшімов.
Конгресс спикерлерінің арасында әлемдік Нобель сыйлығының лауреаты (2007 жыл) Рае Квон Чунг, Израильдің көшбасшы бизнес-инкубаторы «L.N. Innovative Technologies» қалаушысы Клара Орен, Japan Technology Group компаниясының басшысы Митсу Ямомото, Қазақстандағы Конрад Аденауэр Қоры Өкілдігінің директоры Томас Хельм, USAID климат өзгерісін тоқтатуға бағытталған қазақстандық бағдарламасының басшысы Алексей Санковский бар.
Сонымен қатар конгресс аясында бизнес періштелерге арналған шеберлік сыныбы өтеді.
"Сайгез-ақпарат"