Бизнес үшін әкімшілік кедергілерді төмендету бойынша стратегиялық міндеттер арнасында Комитет Қазақстанның эталондық базасын жетілдіру және өлшем құралдарын Қазақстаннан шеткері салыстырып тексеруге шығару қажеттігін болдырмау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп отыр. Бұл машина жасау, қара және түсті металлургия, мұнай және газ өндіру өнеркәсібі салаларында кәсіпорынның уақыттық және қаржылық шығыстарын қысқартуға мүмкіндік береді.
Қазақстанда 35 күшіне енген Кеден одағының техникалық регламенттерінің барлық бағыттары бойынша зертханалық база бар. Кеден одағының сертификаттау және сынақ зертханалары жөніндегі органдардың Бірыңғай тізіміне бүгінгі күні Қазақстанның 81 сертификаттау жөніндегі органы мен 287 зертханасы кіргізілген.
«Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде ҰЭМ, АШМ, ІІМ жанындағы мемлекеттік сынақ зертханалары (тағам, өрт қауіпсіздігі, ветеринариялық спектр және т.б.) толық жабдықталды. Мамандандырылған 2 сынақ зертханасы және 2 темір жол өнімінің сәйкестігін растау жөніндегі органдар жаңадан құрылды. 130-дан астам сынақ зертханасы ILAC MRA белгісін пайдалану құқығын алды. Қазақстан Республикасынан шеткері 14 784 сынақ хаттамалары берілді (ет, балық, бидай, сүт өнімі, макарон өнімдері, қой жүні, жом және т.б.) және олар шетелге танылды.
Биыл жыл басынан мемлекеттік органдардың бақылау қызметін әрі қарай оңтайландыру мақсатында тәуекелдерді бағалау негізінде тексерулерді жүйелеу жүзеге асырылды. Яғни, іріктеп тексеру жүйесі енгізілді.
Жыл басынан бері Комитет техникалық реттеу және метрология саласындағы талаптардың сақталуына 982 тексеру жүргізді. Соның нәтижесінде жалпы сомасы 101 млн. теңгеден асатын (55%) 516 заңбұзушылыққа әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарылды. 11 519 қолдануға жарамсыз өлшем құралдарын пайдалануға тыйым салынды. Аккредиттеу субъектілеріне қатысты 5187 сертификатты заңсыз беру жағдайлары анықталды.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру және көрсетілетін қызметтердің сапасын көтеру бойынша әкімшілік кедергілерді төмендету мақсатында заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жинағы дайындалды.
Жоспарлы тәртіпте «Стандарттау туралы» ҚР Заңының жаңа жобасы әзірленді. Оның мақсаты қоғамдық қатынастардың негізін қалаушы салаларға ұлттық стандарттау жүйесін енгізу, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, мүдделі тараптардың (бизнес-қауымдастықтар, тұтынушы, меморган, академиялық орта, сараптамалық қауымдастық, ҰКП) консенсусы негізінде көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру үшін ұлттық стандарттардың рөлін күшейту.
Қорыта келе Комитет елдің әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әлеуетін арттыруда маңызды рөл атқаратын басым бағыттарды атады. Олардың қатарында техникалық реттеу құралдарын қолданумен байланысты жаңа нарықтарға қол жетімділікті, өнімділікті, бәсекеге қабілеттілікті арттыру, қоршаған ортаны қорғау, инновацияны трансферлеу, өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және сенімділігін қамтамасыз ету сияқты басым салалар бар.
"Сайгез-ақпарат"