«Smart City» жобасын іске асыру қалалық қызметтерді кешенді пайдалану, сапалы қызметтер ұсыну және қала өмірінің ауқымды қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ақпараттық коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалану көмегімен бұл міндеттерді шешуге сапалы жаңа тәсілдерді ұсынады», - деп атап өтті Б.Қанешев.
Бүгінгі күні Астана қалалық әкімдікпен («Astana - innovation» ЖШС) бірлесіп, бұл бағытта халықаралық тәжірибе мен ең үздік тәжірибелерді тарту үшін халықаралық ұйымдармен және институттармен тығыз ынтымақтастық жүргізілуде.
2016 жылғы 13 желтоқсанда Астана қаласында ТК 268 «Қоғамның тұрақты дамуы» ИСО төрағасы Бернард Гиндроздың қатысуымен «Ақылды және тұрақты қаланың дамуында стандарттардың рөлі» халықаралық семинары өтеді.
Сондай-ақ бүгінгі күні стандарттау мәселелері әкімдік әзірлеп жатқан «Смарт Астана» концепциясы жобасына енгізілді. Осы орайда 8 негіз қалаушы стандарт әзірленіп бекітілді. Дәл осындай жұмыс Алматы мен Шымкент қалаларында да өткізілмек. бұл қалаларда да «Ақылды қала» тұжырымдамасы пилоттық режимде жүзеге асырылады.