24.11.2016 в 10:50

Мәжіліс спикері Петербордағы Әлихан Бөкейханның ескерткіш мүсінінің ашылуына қатысады

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Санкт-Петерборда көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейханұлының ескерткіш мүсінінің ашылуына қатысады. Бұл туралы Мәжіліс аппаратының баспасөз қызметі хабарлап отыр. 

Салтанатты шара Таврический сарайында ТМД ПАА штаб-пәтерінде өтеді. Осында 24-25 қарашада ТМД ПАА және ҰҚШҰ ПА шаралары өтеді деп жоспарланған.

Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин бастаған мәжілісмендер сондай-ақ, ТМД ПАА 45-ші пленарлық отырысына қатысады. Онда әлеуметтік үлгідегі заңдар топтамасы талқыға түспек. Сондай-ақ, қауіпсіздік, соның ішінде, экстремизм мен терроризм мәселелері де назардан тыс қалмайды. Сапар аясында Нұрлан Нығматулиннің ҰҚШҰ ПА жиынында сөз сөйлеуі және Әзербайжан, Қырғызстан, Ресейден келген әріптестерімен екіжақты кездесулер жоспарланған.

"Сайгез-ақпарат"

Фото авторы - Нұртас Солтанұлы.