24.11.2016 в 16:40

Елбасы: Мен ешкімге Астананың атауын менің атыммен атаңдар демедім

Бүгін Ақордада Жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссия отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент депутаттарының Астанаға «Нұрсұлтан» немесе «Назарбаев» атауын беру туралы бастамасына қатысты пікір  білдірді.

«Бірдеңе болса, соған «нұр», «нұрлы» деген сөзді қосады. Соның бәрі менің жеке басыммен байланысты деп ойлайды. Бұл тақырып туралы айтып жүргеніме көп болды.  Бүкіл жерге «нұр», «нұрлы» деп жазсын деген тапсырманы мен берді деп ойлайтын шығар. Кеше ғана Парламент тіпті Астанаға менің атымды беру туралы болжам жасапты. Мен ондай болжам жасаған емеспін және ол туралы тіпті айтқан емеспін», - деді Мемлекет басшысы.

«Бұл мәселенің сыртқы бөлігі. Нақты нәтижелермен, мәселенің ішкі бөлігімен айналысу керек», - деді Елбасы сөз соңында.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Парламенті қос палатасының бірлескен отырысында  Қуаныш Сұлтанов бастаған бір топ депутат Астанаға «Нұрсұлтан» немесе «Назарбаев» деген ат беру туралы бастама көтерген болатын.

[video width="400" height="224" mp4="/uploads/wp-content/2016/11/15224285_1161863150606060_5143335040469434368_n.mp4"][/video]

"Сайгез-ақпарат"