25.11.2016 в 13:24

Алексей Ни қызметінен кетті

Алексей Ни Қазақстан Республикасының ауыр атлетика құрамасының бас бапкері қызметінен кетті, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі. Әйгілі маман Қазақстан құрамасын 1994 жылдан бері жаттықтырып келеді. Оның басқаруымен ұлттық құрама 6 Олимпиада ойындарына қатысты.

Алексей Ни 1961 жылдың 24-тамызында Тараз қаласында дүниеге келген. Ең бірінші мамандығы – инженер-гидротехник. Одан соң, Алматыдағы денешынықтыру институтын тәмамдап, спортқа білікті маман келді. Кеңес одағы тарап, экономикамен бірге спорттың да тігісі сөгілген сәтте қазақ ауыр атлетикасының тізгінін ұстады. Ол – қазақ тарихында Олимпиадаға бапкерлік топпен бірге алты рет барған ең тәжірибелі маман.

"Сайгез-ақпарат"