26.11.2016 в 23:33

Дональд Трамп Фидель Кастроны "диктатор" деп атады

Бүгін Куба революциясының көшбасшысы Фидель Кастро 91 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Кастроның өліміне байланысты әркім өз пікірін айтып, Куба халқына көңіл айтып жатыр. Ал, АҚШ-тың су жаңа президенті Дональд Трам "қатігез диктатор кеткен соң Кубаның жағдайы өрлейді" дейді.

"Фидель Кастро өз халқын 60 жылдай басып-жаншып ұстаған қатігез диктатордың өзі. Ол артында өте кедей, адам айтқысыз қиындық көрген ел қалдырды. Куба халқы бұл күн үшін қайта қуануы керек. Біз Куба халқының қайта өрлеуіне жағдай жасаймыз" дейді АҚШ президенті.

Айта кетейік, 60 жылдай арасы суып кеткен АҚШ пен Кубаның арасы Барак Обаманың тұсында мәмілеге келген еді.

2006 жылдың 31 шілдесінде Фидель Кастро денсаулығының нашарлауына байланысты өз міндеттерін Мемлекеттік кеңес пен Министрлер кеңесінің басшысы Рауль Кастроға тапсырған болатын.

"Сайгез-ақпарат"