27.11.2016 в 15:15

Тəжікстан президентінің үшінші қызы жауапты қызметке келді

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның жеті қызы – Фируза, Озода, Рухшона, Тахмина, Парвина, Заррина, Фарзона және екі ұлы – Рустам мен Сомон бар.

Жеті қыздың бірі Рухшона Рахмонова жақындаТәжікстанның сыртқы істер министрлігі халықаралық ұйымдар басқармасы бастығының орынбасары болып тағайындалған. Ол бұған дейін Тәжікстанның Лондондағы елшілігінде істеген.

Президенттің үлкен ұлы Рустами Эмомали мемлекеттік қаржы бақылау және коррупцияға қарсы күрес жөніндегі агенттік жетекшісі қызметінде. Ал, тағы бір қызы Озода Рахмон Тәжікстан президенті атқару аппаратының жетекшісі болып тағайындалғанға дейін елдің сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.

"Сайгез-ақпарат"