Конгресс бағдарламасына сәйкес, «МИИДБ екінші бесжылдығындағы инновациялардың рөлі» тақырыбында пленарлық отырыс, «Маңызды технологияларды дамытудың халықаралық тәжірибесі» және «Болашақ энергиясы» ЭКСПО-2017 тұжырымдамасы аясында «Таза технологияларды» дамыту» тақырыбында панельдік сессия өтті. Бұл үшін конгреске мемлекеттік саясат, экономика және инновация саласындағы беделді халықаралық ұйымдар мен институттар тартылды.
Конгресс барысында жиырма алты инновациялық жобалар көрмесіне ерекше көңіл бөлінді. Олардың ішінде ЭКСПО-2017 халықаралық мамандырылған көрмесіне қатысатын жобалар да бар. Көрменің мақсаты Қазақстанның индустриялды-инновациялық даму субъектілерін таныстыру.
Конгресс спикерлерінің арасында әлемдік Нобель сыйлығының лауреаты (2007 жыл) Рае Квон Чунг, Израильдің «L.N. Innovative Technologies» көшбасшы бизнес-инкубаторының негізін қалаушы Клара Орен, Japan Technology Group компаниясының басшысы Митсу Ямомото, Қазақстандағы Конрад Аденауэр қоры өкілдігінің директоры Томас Хельм, USAID климат өзгерісін тоқтатуға бағытталған қазақстандық бағдарламасының басшысы Алексей Санковский бар.
Сонымен қатар, конгресс аясында кәсіпкер, Future labs компаниясының негізін қалаушы Александр Бородич кәсіпкерлерге шеберлік-сағатын өткізді.
Конгресс аясында «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ-ы қолдау көрсеткен жобалар бойынша Армения және Белоруссияның «Стэндинг» ЖШС (кезектерді электронды басқару жүйесі), «Elim бизнес-шешімдер орталығы» («KAZDATA маркетингтік бизнес-анықтамалық») компанияларымен ынтымақтастық туралы меморандумдар мен келісімдерге қол қойылды. «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ-ы «Инновациялық технологиялар паркі» автономды кластерлік қоры мен «Жасыл экономика» және G-Global Коалициясымен меморандум жасасты. Сонымен қатар, «Инновациялық технологиялар паркі» автономды кластерлік қоры мен «Қазақстан Ғарыш Сапары» меморандумға қол қойды.
Шараны «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды.
"Сайгез-ақпарат"