12.08.2014 в 09:44

Тағы да кадрлық ауыс-түйіс

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

Бектас Әбдіханұлы Бекназаров Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы қызметінен босатылды;

Рашид Төлеутайұлы Түсіпбеков Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы қызметіне тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Шораұлы Сарыбай Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы  қызметіне тағайындалды.