30.11.2016 в 11:59

Биыл 100 мыңнан астам жолаушы су көлігі транспортын пайдаланған

Тасымалдаушылардың ақпараты бойынша биыл навигация кезеңінде өзен көлігімен 1,3 млн. тоннаға жуық әр түрлі жүк тасымалданды, оның ішінде 160 мың. тоннадан астам жүк Ертіс өзені арқылы Ресейге экспортталды. Негізінен құрылыс материалдары, ағаш, құмды-қиыршықтас қоспасы, балық өнімдері және т.б жүк тасымалданды. 

Сонымен қатар, биыл кеме көлігімен 100 мыңнан астам жолаушы тасымалданған, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 80% артық.

Қазіргі уақытта Қазақстанның кеме қатынайтын су жолдарында кеме жүрісі тоқтады.

Кеме қатынасының қауіпсіздігін арнайы мемлекеттік кәсіпорындар қамтамасыз етті. Мемлекеттің тапсырмасына сәйкес, 3700-ден астам навигациялық белгі қойды, 2500 мың. м3 астам түбін тереңдету, түбін тазарту жұмыстары және басқа жол жұмыстары жасалды.

Көліктік бақылау органдарының мәліметтеріне сәйкес, биыл навигация кезеңінде су жолдарын тиісті деңгейде ұстамауға қатысты бірде бір көлік оқиғасы тіркелмеген.

Ақпарат ретінде:

Кеме қатынасы Ертіс, Іле-Балқаш және Жайық-Каспий бассейіндерінде жүзеге асырылады. Кеме қатынасы учаскілерінің жалпы ұзындығы 4 040,5 км жуық. 2016 жылғы 1 қарашаға дейін Қазақстан Республикасының кеме тізілімінде 783 өзен кемесі және 28,7 мыңға жуық шағын көлемді кеме тіркелген. Павлодар және Атырау облыстарында тиеп-түсіру мүмкіндігі 1,5 млн.тоннадан асатын екі өзен флоты жұмыс істейді.

"Сайгез-ақпарат"