30.11.2016 в 20:58

Алматыда жеті көшенің атауы өзгереді

фото tengrinews.kz сайтынан

Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, 1 желтоқсан күні Алматыда жеті көшенің атауы өзгереді екен.

Қала әкімі Бауыржан Байбек көшелердің жаңа атауларын 1 желтоқсанда Республика Сарайының алдында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне арналған салтанатты іс-шарада атап өтпекші.

Сондай-ақ, мерекелік іс-шара барысында ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991 жылдың 10 желтоқсанында өз лауазымын атқаруға кірісуінің салтанатты рәсімін мәңгі есте сақтау үшін естелік тақтаның орнатылатыны айтылады.

"Сайгез-ақпарат"