Шымкенттегі Көрме орталығында ұйымдастырылған «Елі сүйген, Елін сүйген – Елбасы» тақырыбындағы фотокөрмеге 70-ке жуық фотосурет қойылған. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен нығаюындағы Тұңғыш Президент – Елбасының рөлі, сондай-ақ, тәуелсіздіктің қалыптасуының негізгі кезеңдері мен Қазақстанның сыртқы, ішкі саясаттағы жетістіктері және дамуы көрсетілген фотошежіре Елбасының Егемендік жылдарындағы тарихи сәттері мен Тәуелсіздік шежіресі атты топтық жинақталған суреттерден басталады.
1991-2000 ж.ж. ақ-қара суреттер Оңтүстікте Елбасының халықпен жүздесуі, Ордабасыдағы жиын,
Сонымен бірге, мұнда «Мәңгілік ел», «ЕXPO – Халықаралық көрмесі», ел таңдауы - Н.Назарбаевтың соңғы сайлаудағы ұлықталуы және 2015-2016 жылдардағы халықаралық кездесулердің фотолары қойылған. Көрмеде хронологиялық жылдар тізбесі бойынша экспозиция мәтіні сақталған. Еліміздің 25 жылдық тарихы мен Оңтүстік өңірінің дамуын көрсете білген барлық фото жаңадан жинақталып басылған.
Айта кету керек, «Елі сүйген, Елін сүйген – Елбасы» тақырыбындағы
фотокөрмесіне кіру тегін. Келушілер үшін көрме 1 желтоқсан күні кешке дейін дейін жұмыс істейді