Астанада «Қазақстан: жаңа инвестициялық мүмкіндіктер» тақырыбында конференция өтті. Шараға елімізде жұмыс істеп жатқан шетелдік әлеуетті инвесторлар қатысып, ҚР Инвестициялар және даму министрінің қолынан марапатталды.
ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің наградасын мынадай компаниялар алды: Қарашығанақ мұнай-газ кен орнын өңдеу және пайдалану бойынша «КПО» бірлескен кәсіпорны, Tenaris италиялық құбыр өнімін өндіруші және жеткізуші, уран өндіруші жапондық MarubeniCorporation компаниясы, құрылыс материалдарын өндіруші HeidelbergCement неміс компаниясы, экологиялық таза отынды дамытумен айналысатын оңтүстік кореялық KOLON компаниясы, «ЭФКО» ресейлік май өндіруші, Kelun Kazpharm қытайдың фармацевтикалық компаниясы, түріктің кондитерлік өнімдер шығаратын Pladis компаниясы (Қазақстанда ULKER деген атпен белгілі). Сондай-ақ, Қазақстан экономикасының дамуына қосқан инвестициялық белсенділігі үшін «Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі» және үкімет пен бизнес арасындағы диалогты нығайтуға қосқан үлесі үшін «Қазақстанның шетелдік инвесторлар Кеңесі» қауымдастығы марапатталды.
"Сайгез-ақпарат"