Келіссөздер барысында қазақ делегациясы Мажарстан Ұлттық даму министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Ласло Ташо мен «Wizz Air» мажар авиакомпаниясының президенті Йожеф Варадимен екі елдің арасында тікелей авиа қатынастарды ашу мүмкіндігі, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы құқықтық қорды жаңарту мәселелері талқыланды.
Қол жеткен уағдаластықтарға сәйкес Астана мен Будапешт арасындағы тікелей авиа қатынастарды екі елдің белгіленген тасымалдаушылары арқылы орындауға мүмкіндік береді.
Келіссөздерді өткізу және аталмыш меморандумға қол қою Мемлекет басшысының Астананы қаражаттық орталығына айналдыру, оның ішінде «ЭКСПО 2017» қарсаңында астананы көліктік қолжетімділікпен қамтамасыз ету бойынша берген тапсырмаларды жүзеге асыруына бағытталған.
"Сайгез-ақпарат"