12.08.2014 в 13:30

"Заң кабинеті" ашылды

Бүгін АстанадаХалыққа қызмет көрсету орталықтарындағы азаматтарға құқықтық көмек көрсету «Заң кабинеті» жобасының тұсау кесері өтті.   

Көп жағдайда ХҚКО-на келушілер құқықтық көмекке, оның ішінде заңды кеңес алуға мұқтаж болады.  Мұндай жағдайда азаматтарға заң тұрғысындағы мәселелерді шешу үшін қажетті құқықтық  кеңестер беретін  ХҚКО-да кәсіби заңгерлердің болмауына байланысты қиындықтар туындауы мүмкін.  Одан басқа, аталған тұлғалар үшін заңгерлер тарапынан берілетін құқықтық кеңестер  тәуелсіз болғаны абзал.

Жалпы мәліметтерге сәйкес облыс орталықтарындағы ХҚКО-на күніне хабарласатын адамдар саны бір мыңға жуық, ал республикалық дәрежедегі Астана мен Алматы қалаларында әрбір бөлімшеге үш мыңға жуық азамат келеді.

Жоба авторы, Law Companies Group Lunev Waters компаниясы «Сіздің сенімді кеңесшіңіз» жобасын жүзеге асыруда. Ол жоба шеңберінде барша қазақстандық азаматтарға құқықтық кеңес беру қызметі ұсынылады.  Жоба ел арасында сенімге және  жоғары бағаға ие болуда. «Сіздің сенімді кеңесшіңіз» жеке-жеке тармақтарға жіктелген: «Өкілетті өкіл»  (Бәйтерек монументі, Конгресс-Холл, Бейбітшілік және келісім сарайы, Тәуелсіздік сарайы, Көрме орталығы сияқты мемлекеттік маңызды нысандарда жүзеге асады), «Мемлекеттік қызметкерлерге заңдық көмек көрсету орталығы» және ЖОО-мен бірлесе жүзеге асыру жоспарланған «Заң клиникасы», сонымен қатар бүгінде қолданыста бар «Нұр Отан» ХДП-ның қоғамдық қабылдауларындағы «Сіздің халықтық кеңесшіңіз» деп аталатын жоба, Оқушылар сарайы негізінде арнайы  балалар үйірмелерін ашу жобасы қамтылған.

Атап айтарлық жәйт, «Заң кабинеті» жобасын жүзеге асыруда бюджеттік қаражаттан шығын шықпайды. Өйткені, заңдық кеңестер тегін көрсетіледі, ал кеңес берушілер заң компаниясының қызметкерлері болып табылады. ХҚКО азаматтардың құқықтық кеңестер алуына жағдай жасау үшін заңгерлерге операциялық зал ішінде бір орын немесе жеке бөлме  бөліп береді.

Қазір жобаның пилоттық түрі Қазақстан Республикасының бірқатар облыс орталықтарында іске қосылды: Ақмола, Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана, Алматы қалаларында бар. Бұдан әрі «Заң кабинеті» ары қарай дамып, еліміздегі барлық аймақтарды қамтып, аудандық бөлімшелерде де ашылмақ.

Заң кабинетінің жұмыс істеу тәртібі ХҚКО-ның  күн тәртібіне сәйкес сенбі жексенбі күндерден өзге күнделікті сағат  9.00ден 20.00ге дейін. Түскі үзіліс уақыты сағат 13.00 мен 14.00.

Статистика мәліметтері бойынша  www.egov.kzсайтын бір апта ішінде  (04.08.2014 пен 11.08.2014 аралығы) қарағандар саны  1 221 748, осы уақыт ішінде сайтқа кіргендер саны 68 498. Бұл көрсеткіштың арқасында халық арасында ХҚКО-ның арнайы сайттарын белсенді пайдаланушылардың артқандығын байқауға болады. Осындай тұлғаларға заңдық кеңестер де қажет. Ол үшін сайттың ішінде  «Е-кеңес» қосымшасы жасалған, бұл қосымша арқылы мемлекеттік қызмет түрлерін алу мүмкінді туындайды.  Осыған орай, өкілетті мемлекеттік органға www.egov.kzсайтында қазақ тілінде «Заң кабинеті», орыс тілінде «Юридический кабинет» деп аталатын қосымшаны енгізу ұсынылды. Бұл парақшада заң компаниясы on-line режімінде құқықтық мәселелерге байланысты кеңестер бере алады. Аталған қосымша интернет беттері «Заң кабинеті» жобасының пәрменділігін анықтауға, тұлғалардың құқықтық сауаттылықтарын артыруға, сонымен қатар құзырлы мекеменің өзге де мақсаттарын жүзеге асыруға ықпалдасады.

Law Companies Group Lunev Waters компаниясының бас директоры Илья Лунев айтқандай: «Заң кабинеті» жобасы мемлекеттік құзырлы органның миссиясы мен қызметтерін тиімді орындауға көмек болады. Сонымен қатар Мемлекет басшысының халыққа жолдауында жария еткен тапсырмаларын жүзеге асыруға септігін тигізеді. Бастысы, тұрғындардың құқықтық мәдениетін көтеріп, құқықтық нигилизмді жоюға ықпал етеді».

 

 

Компания туралы ақпарат

LawCompaniesGroupLunevWaters  1995 жылы іргесі қаланған, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Чеш Республикасының қалаларында орналасқан заңдық компаниялар құрамына кіретін компаниялар тобы  болып табылады.

Компанияның Қазақстан Республикасы ішінде оннан астам филиалы бар, ҚР барлық аймақтарын қамтып, аудан орталықтарына жету мақсатында жаңа бөлімшелер ашу жұмыстары жүргізілуде.

Lunev Waters компаниялар тобы батыстың қоғамдық ұйымдарына  қатысы жоқ, өзін өзі қаржыландыратын ұйым әрі ұлттық заңнамалардың нормаларын қатаң ұстанады.

Law Companies Group Lunev Waters «Нұр Отан» ХДП-ң қоғамдық қабылдауларымен және өзге де қоғамдық ұйымдармен белсенді серіктесіп, құқықтық кеңестер алуға келген азаматтарға тегін қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, Партияның аймақтық филиалдарымен тиісті меморандумдар бекітілген.