14.11.2016 в 10:36

2016 жылы Қазақстанға тікелей инвестициялар ағымы артты

ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысы барысында Қазақстан экономикасына тікелей инвестициялардың артқанын хабарлады.

Ж. Қасымбек ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында тікелей шетелдік инвестициялар ағымы 25,8%-ға артып, 9,3 млрд долларды құрағанын мәлімдеді. Оған қоса, инвестициялардың  60%-ға жуығы тау-кен өнеркәсібі және геологиялық барлауға, 15% - өңдеу саласына, 9% - саудаға және 5% - құрылысқа тиесілі.

Еске салсақ, Doing Business соңғы баяндамасының қорытындысы бойынша Қазақстан 41-орыннан 35-орынға көтеріліп, өз жағдайын айтарлықтай жақсартты. Сонымен бірге, бірқатар көрсеткіштер бойынша едәуір жақсару бар, атап айтқанда «Миноритарлық инвесторларды қорғау» көрсеткіші бойынша Қазақстан 25-орыннан 3-орынға ілгеріледі. Бұдан бөлек, Қазақстан бизнес жүргізу саласындағы заңнаманы жақсартуда ең көп жетістікке жеткен 10 елдің қатарына енді.

https://www.youtube.com/watch?v=Xc5t4EKHFpM

"Сайгез-ақпарат"