Министр жаһандық транзит үшін бәсекелестіктегі әлемдік тәжірибе контейнерлік тасымалдың өсуі мен дамуын көрсетіп отырғанын хабарлады.
«Бұл тұрғыда, контейнерлік жүктер көлемін арттыру бойынша Қазақстанда қабылданған шаралар оң динамикаға қол жеткізуге жол ашты. Мәселен, биылғы жылдың 9 айы ішінде «Қытай-Еуропа-Қытай» бағыты бойынша 66 мың контейнер тасымалданды, бұл 2015 жылғы осы кезеңде тасымалданған жүк көлемімен салыстырғанда 2 есеге көп. 2020 жылға қарай біз бұл көрсеткішті жиырма футтық эквивалентінде 800 мың контейнерге дейін жеткізуді көздеп отырмыз», - деп хабарлады Ж. Қасымбек.
Сонымен қатар, оның айтуынша, контейнерлік ағымның көбеюі теміржол магистралінің өткізу қабілетінің артуын және инфрақұрылымның осал жерлерін жоюды талап етеді.
«Бүгінгі таңда Алматы-Шу учаскесінде екінші жолдардың құрылысы жүргізілуде, оның жалпы ұзындығы 111 км. Биылғы жылдың желтоқсан айында Индустрияландыру күнін өткізу кезінде бірінші кешенді іске қосу жоспарлануда. Құрық кентіндегі салынып жатқан паромдық кешен де осыған (контейнерлік тасымалға) септігін тигізетін болады. Паромдық кешеннің аяқталған алғашқы бөлігін биылғы жылдың желтоқсан айында пайдалануға беру жоспарланып отыр», - деді министр.
https://www.youtube.com/watch?v=BpyRvI22aXE