«260 қызмет көрсету нысанының 91-і қажетті қызмет түрлерінің барлығын көрсете алатын А-Б санаттарына сәйкес келеді. Қалған нысандар автотұрақ, тамақтану бекеті мен бөлшек сауда орындары қарастырылған С санатына сәйкес келтіріледі. Бүгінгі таңда республикада елді мекендерге жақын жерлерде орналасқан 2,5 мың қызмет көрсету нысаны жұмыс істеп тұр. Олардың 80 %-ы ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келмейді. Жергілікті атқарушы билікпен олардың А, В, С, D санаттарының талаптарына сай келуін тексеріп, инвентаризация жүргіземіз», – дейді министр.
Сонымен қатар, министрлік жол бойындағы қызмет көрсету нысандары иелерінің нысанды ұлттық стандарт талаптарына сәйкестендіруі үшін мынаны ұсынды:
- «Бизнестің жол картасы-2020» аясында жеңілдетілген несие қарастыруды;
- жергілікті атқарушы органдардың инженерлік коммуникация жүйелерін тартуды өздеріне алуды (электр, су және кәріз жүйелерін)