2017 жылдан бастап компания осы учаскелерде геологиялық барлауды бірлесіп жүргізуге әзір. Бастапқы кезеңде нвестициялар кемінде 10 млн. АҚШ долларын құрайды.
Сондай-ақ, «Казгеология» АҚ басшылығы Rio Tinto компаниясының Африка-Еуразия өңірлерін геологиялық барлау операциялары жөніндегі директоры Кен Тентон мырзамен кездесу өткізді. Күн тәртібіне Қарағанды облысында іске асырылатын 2 жоба бойынша неғұрлым өзекті мәселелерді талқылау, сондай-ақ қазақстандық кадрларды оқыту мен осы саладағы инновациялық технологиялар трансферті бағытын одан әрі жалғастыру жоспарларын айқындау мәселелері қойылды.
Анықтама:
Қазцинк – ілеспе мыстың, қымбат металдар мен қорғасынның үлесі зор мырышты бірге өндіретін ірі өндіруші. Тау-кен өндіру компаниялары арасында әлемде 2 орын алатын «Glencore» Швейцария трейдинг компаниясы оның басты инвесторы болып табылады.
Rio Tinto – капиталдану көлемі бойынша әлемде 2 орындағы тау-кен металлургия компаниясы, алтын өндіруден әлемде 7-ші орында, алюминийден - 2-ші орында, темір кенінен -2-ші орында, көмірден - 4-ші орында, сондай-ақ алмас пен ураннан - 3-ші орында.