Маңғыстау өңірінен тікелей байланысқа шыққан «Құрық порты» ЖШС-ның бас директоры Абай Түрікпенбаев паром кешені Транскаспий халықаралық дәлізі көлік-логистикалық жүйенің маңызды буыны саналатындығын баса айтты.
«Біз темір жол және порт инфрақұрылымын салуды аяқтадық және бүгін бірінші темір жол құрамын тиеуге дайынбыз», - деді серіктестік бас директоры. Өз кезегінде Мемлекет басшысы Құрық порты еліміздің жүктерін Кавказға шығаруға мүмкіндік беретіндігін баса айтты. «
Бұл жобаны да ұзақ күткен едік. Еліміз үшін, индустрияландыру үшін, даму үшін аса қажетті жоба. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңындағы осынау жетістіктермен құттықтаймын», - деді Қазақстан Президенті.
"Сайгез-ақпарат"