07.12.2016 в 11:30

Германия канцлері алғаш рет елде пәрәнжі мен ниқаб киюге қарсы екенін айтты

Эссен қаласында өткен Христиандық-демократиялық одақ (ХДО) партиясының съезінде сөз сөйлеген Германия канцлері Ангела Меркель пәрәнжі мен ниқаб киюге құқықтық түрде тыйым салу керектігін айтты.

"Бұл бізге жат. Германияда адамдармен қарым-қатынас жасау кезінде бет ашық болу керек. Сондықтан, бізде беті мен тұла бойын толық жауып тұратын киім кимейді", - деді саясаткер. Съезд барысында Меркель мектепте, сот ғимараттары мен басқа да мемлекеттік мекемелерде хиджабқа тыйым салуды қолдады. Ал дін өкілдері пәрәнжіге толықтай тыйым салудың Германия конституциясына қайшы болатынын айтады.

Мұның алдында жергілікті БАҚ-қа берген сұхбатында канцлер толықтай жабық әйел неміс қоғамына сіңісіп кете алмайтындығын айтқан. Сондай-ақ, канцлер елге жүз мыңдаған босқындар кірген 2015 жылғы миграциялық дағдарыстың қайталануына жол бермейтіндігін жеткізді.

Бақылаушылардың пікірінше, бұл мәлімдемелер Меркельдің төртінші мерзімге сайлану ниетімен байланысты. Соңғы кезде оның танымалдығы босқындар дағдарысы себебінен төмендеп кеткен еді.

https://www.youtube.com/watch?v=HsQ65aX25sI