Шымкенттіктердің қуанышымен бөлісе келген өңір басшысы Ж.Түймебаев барша тұрғындарды Тəуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойымен құттықтады.
«Бұл орталықтың ашылуы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі қарсаңында үлкен оқиғаға баланып отыр. Мұны Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары үшін жерлесіміз кәсіпкер Серік Төлбасов мырзаның керемет сыйы деп айтуға болады. Осындай ғимараттар көп бола берсе, қаламыздың сәні кіріп, әрлене түседі. Халқымыздың демалатын орны молая береді. Бұл да болса Елбасымыздың кәсіпкерлікке жасаған қамқорлығының арқасында іске асып отырған дүние», - деді облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы.
Аталған орталықтың құрылысына жеке инвестиция жұмсалған. Халықаралық деңгейдегі ерекше орталықта 500-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылып отыр.
Енді мұнда «Chopette», «Orchestra», «New Yorker», «Lichi» сынды әлемдік брендтердің өнімдері саудаланады. Сондай-ақ орталыққа келушілер әйгілі «KFC» және «Hardees» тамақ өндірушілерінің өнімдерін тұтынатын болады.