2017 жылдан бастап үлкен өзгерістер болуы мүмкін. Тіпті, бүгін Үкімет отырысында осы мәселе қайта қаралып, туризм мен спорт бірігіп, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі екіге бөлінеді деген хабар бар. Денсаулық сақтау министрлігі және Еңбек министрлігі болып өз алдына дербес ведомство болады деп күтілуде. Ал, туризм болса бізде әлі нақты орнын таппаған сала. Келер жылы Экспо-2017 бүкіләлемдік көрмесі өтеді. Осының қарсаңында туризм саласына Үкімет көбірек ден қойып, Спорт пен турзим қайта бірігеді-мыс. Инвестиция саласы да жақында қайта қаралып, Елбасы айтқандай Сыртқы істер министрлігіне берілуі мүмкін.
"Сайгез-ақпарат"