19.08.2014 в 09:55

Назарбаев үш елдің басшысымен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеше бірнеше елдің президентімен телефон арқылы тілдесті. Алдымен Финляндия Президенті Саули Ниинистёмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Әңгіме барысында екі елдің көшбасшылары қазақстан-фин ынтымақтастығын дамытудың өзекті мәселелері мен перспективаларын талқылады.

Сондай-ақ Украинадағы жағдай жөнінде пікір алысылды. Қантөгісті, әсіресе бейбіт тұрғындар арасында тоқтату және украин дағдарысы бойынша келіссөздер үдерісін бастаудың маңызды екені атап көрсетілді.

Сондай-ақ, Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Мемлекет басшылары өзара мүдделестік туғызып отырған мәселелерді талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев бұдан кейін Ресей Федерациясының Президенті В.Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

«Қазақстан мен Ресей Президенттері Украинаның оңтүстік шығысындағы ахуалды және осы елдегі дағдарыстан шығудың ықтимал жолдарын талқылады», делінген хабарламада.