2016 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жылдығына орай 2016 жылғы 5 желтоқсандағы № 382 және 2016 жылғы 29 қарашадағы № 380 Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығымен Министрліктің және ведомстволық бағынышты ұйымдардың қызметшілері мемлекеттік наградалармен және мерекелік медальдармен марапатталды.
ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Альберт Рау салтанатты шараға қатысушыларды келе жатқан ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, мемлекетіміздің тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктеріне тоқтала кетті. Елбасының стратегиялық тапсырмаларының арқасында мемлекетіміз бүгінде әлемдегі инвесторларға қолайлы жағдай жасалған елдердің қатарына кіріп отырғандығын атап өтті.
"Сайгез-ақпарат"