21.12.2016 в 20:18

Павлодарда облыс әкімінің орынбасары тағайындалды

Бұл жауапты қызметке Әлия Арынова тағайындалды. Бүгін облыс әкімі Болат Бақауов жаңа орынбасарын таныстырып, оның қай салаға жауапты екенін де белгілеп берді.

Әлия Амангелдіқызы Арынова 1998 жылы экономист-менеджер мамандығы бойынша Павлодар мемлекеттік университетін және 2006 жылы құқықтану бакалавры бойынша Еуразия Инновациялық университетін тәмамдаған. Университетті бітірген соң облыстың экономика департаментіне жұмысқа орналасқан. 2003-2004 жылдары «Инжиниринг және технология трансферті» АҚ-да және экономист-менеджер болып «Павлодарэнерго» АҚ-да қызмет етті. 2005 жылдан бастап бас маман, Павлодар облысы Экономикалық және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары, 2011-2012 жылдары Павлодар облысы әкімінің кеңесшісі болып қызмет етті. 2012 жылдың ақпан айынан ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің кеңесшісі болды.

"Сайгез-ақпарат"