"Оның Гүлен құрған желінің мүшесі болғанын жасыруға еш негіз жоқ. Оның оқыған жерінен басталған барлық байланысы Гүлен ұйымына барып тіреледі" деді Ердоған баспасөз конференциясында.
Түркия билігі АҚШ-та тұратын Фетхулла Гүленнің жақтастарын "Фетхулланың террористік ұйымының" (немесе FETO) мүшелері деп атайды.
Бұған дейін түркиялық ақпарат құралдары Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу 20 желтоқсанда АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керримен телефонмен сөйлескенінде оған "Түркия мен Ресей қастандықтың артында FETO тұрғанын біледі" деп айтқанын хабарлаған.
Ал, Гүленнің Ресей елшісіне қатысты оқиғаны айыптап, шабуылды "жексұрындықпен жасалған теракт" деп атаған. Демек, дипломатқа жасалған қастандықты айыптап отыр.
Ердоған бүгінде "мемлекеттік төңкеріс жасауға қатысы бар" деген желеумен Түркияда 15 мыңға жуық мемлекеттік қызметкерді жұмыстан шығарды. Одан бөлек 500-ге жуық мекеме жұмысын тоқтатты, 9 бұқаралық ақпарат құралының жұмысы да мүлдем тоқтатылды. Батыстық ақпарат құралдарының мәліметіне қарағанда, қысқартуға іліккендердің ішінде 7 жарым мың тәртіп сақшысы, 5 мың мемлекеттік мекеме қызметкері мен 2 мыңнан астам әскери бар.
"Сайгез-ақпарат"