ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы» Қаулысына сәйкес 14 комитет таратылды
Үкімет қаулысына сәйкес, төмендегі комитеттер таратылды:
1) Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті;
2) Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитеті;
3) Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті;
4) Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Сауда комитеті;
5) Мәдениет министрлігі Мәдениет және өнер істері комитеті;
6) ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті;
7) ТЖМ Мемлекеттік бақылау және өнеркәсіп қауіпсіздігі комитеті;
8) Білім және ғылым министрлігі Жастар ісі комитеті;
9) Өңірлік даму министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту комитеті;
10) СІМ Сыртқы саяси талдау мен болжау комитеті;
11) Ішкі істер министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткіні бақылау комитеті;
12) Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция комитеті;
13) Ішкі істер министрлігі Тергеу комитеті;
14) Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитеті;
Таратылған комитеттердің орнына 27 жаңа комитет құрылды, тағы бір комитет қосылу жолымен құрылса, 13 комитет сол бұрынғы режимде жұмыс істеп жатыр.