05.01.2017 в 09:40

The New York Times әлем жұртын ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға шақырды

Америкалық The New York Times басылымы 2017 жылы баруға кеңес беретін әлемнің 52 мемлекетін анықтады. Рейтингте Қазақстан 26-орынға тұрақтады. Басты себеп - 2017 жылы Астанада өтетін ЭКСПО көрмесі.

Басылымның мәліметінше, 2017 жылы Қазақстан астанасында халықаралық EXPO-2017 көрмесі өтеді. Көрменің тақырыбы - "Болашақ энергиясы". Жарияланған материалда Астанада соңғы жылдары ашылған таңғажайып мейманханалардың көптігі айтылады. Сондай-ақ, рейтинг авторы Тянь-Шань тауларын да атап өтті.

Ал рейтингтегі келесі ондықтың ішінде Канада, Чилидегі Атакама шөлі, Үндістандағы Агра қаласы, Швейцариядағы Церматт шипажайы, Ботсвана, Хорватиядағы Дубровник қаласы, Американың Вайоминг штатындағы Гранд-Титон ұлттық саябағы, Мексикадағы Тихуана, Мичигандағы Детройт пен Германиядағы Гамбург бар.

"Сайгез-ақпарат"