Айта кетейік, Астанада Сириядағы жағдайды реттеу бойынша келіссөз 23 қаңтарда басталады, оған қақтығысушы тараптың өкілдері, Ресей, Түркия және Иран қатысады. Айта кетейік, Иран, Түркия және Ресей делегациялары елордаға 21 қаңтарда келіп қойған. Келіссөз алдында делегация Ресей мен Түркия өкілдерімен кеңес өткізеді. Астанада өтетін келіссөздер туралы хабар таратуға 300-ден аса шетелдік журналист келеді.
ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Астанада Сирия мәселесін реттеу бойынша халықаралық кездесу кезінде сириялық үкімет делегациясының басшысымен, САР-дың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Башар Аль-Джафаримен кездесті. Қайрат Әбдірахманов алдағы болатын Сирия үкіметі мен оппозициясы делегациялары басшыларының кездесуін БҰҰ аясындағы Женева бейбіт келіссөздерінің келесі кезеңіне дайындықтың маңызды бөлігі екендігін айтты. Сондай-ақ ол Астананың Сириядағы гуманитарлық жағдайды жеңілдетуде және Сирия халқына тиісті көмекті беруде зор үлес қосып келе жатқандығын атап өтті. Қазақстан және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұл жолда ары қай да еңбек ете бермек. Екі тарап басшылары Қазақстан халқына және басшылығына Сириядағы қарулы қақтығысты реттеу мәселесіне қосып жатқан үлесі үшін алғыс айтты.
"Сайгез-ақпарат"