02.09.2014 в 14:45

Қостанай облысының әкімі отставкаға кете ме?

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапармен еліміздің Солтүстік облыстарына аялдайды. Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстары сияқты астықты өңірлерде атқарылып жатқан жұмыстарды бір шолып шығатын сияқты...

Бірінші кезекте облыс басшыларынан есеп алынатын болады.  СҚО мен Ақмола облыстарының жаңадан тағайындалған әкімдері жұмыс жоспарларымен бөліспесе, атқара қойған шаруалары көп емес. Ал, облыс әкімдерінің рейтингінде көш соңында жүретін Қостанай басшысы Н. Садуақасовқа көп  нәрсеге жауап беруге тура келеді.

Айта кеетейік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысында болған сапары кезінде Аңсар Мұсахановтың әкімдік қызметтен кететінін ешкім болжамаған да болатын...