26.01.2017 в 11:26

"Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясына 30-дағы жаңа басшы келді

"Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" ҰАҚ дирекорлар кеңесінің шешімімен корпорация басқарма төрағасы болып Абылайхан Оспанов тағайындалды.

Абылайхан Есенұлы Оспанов 1986 жылдың 16 маусымында Алматыда дүниеге келген.

Айта кетейік, осыған дейін "Азаматтарға арналған үкімет" басқарма төрағасы қызметінде Данияр Ереншінов болған еді, алайда ол 18 қаңтарда өз қалауымен отставкаға кетті.

Еске салайық, 10 қаңтарда үкімет отырысы кезінде премьер-министр Бақытжан Сағынтаев "Азаматтарға арналған үкімет" жұмысын сынға алған болатын. "Біз "Азаматтарға арналған үкіметті" құрдық. Нәтижесінде оның немен айналысып жатқаны түсініксіз. Адамдарға онлайн режимде тіркемейтіндеріңіз жайлы айтасыздар, олай болса бұл үкіметті неге құрдық? Ешқандай да жағдай жасамасыңыздар...", - деген еді премьер-министр мемлекеттік корпорацияның төрағасы Данияр Ереншіновке.

Сондай-ақ, үкімет басшысы онлайн тіркеуге қатысты да сын айтқан еді. "Қызметтің бұл түрі бір ай ішінде жүзеге асырылатын болады", - деген Данияр Ереншіновке премьер-министр бір айдан соң халық арасында дүрлігудің азаятыны, сондықтан да енді онлайн режимнің қажет болмай қалатынын айтқан. Ал кеше, 17 қаңтарда елімізде онлайн тіркелу мүмкін болды.

"Сайгез-ақпарат"