2016 жылдың қорытындысы бойынша міндетті техникалық қарап-тексеруге 2 556 958 автокөлік құралы (бұдан әрі – АКҚ) ұсынылған, оның ішінде 2 311 136 АКҚ техникалық байқаудан өтті деп танылған. Ақауларының болуына байланысты 245 822 АКҚ техникалық байқаудан бірден өтпеген. Бұл техникалық байқауға ұсынылған АКҚ-ның орташа 9,6 % құрайды.
Анықтама үшін: 2015 жылдың сәйкес кезеңінде 2 521 014 АКҚ техбайқауға ұсынылған, оның ішінде 2 226 494 АКҚ-ы техбайқаудан өткен,294 520 АКҚ техбайқаудан өте алмаған, бұл ұсынылған АКҚ-ның орташа 11,68% құрайды.
Техникалық байқаудан өте алмаған АКҚ-ның пайдалануына келесі ақаулардың негізінде тыйым салынған :
- тежеуіш жүйесі бойынша – 67 633 КҚ;
- рөлмен басқару бойынша – 22 941 КҚ;
- сыртқы жарық беру құралдары бойынша – 118 787 КҚ;
- көрініс бойынша – 19 124 КҚ;
- шиналар, доңғалақтар және аспалар бойынша - 20 818 КҚ;
- конструкцияның басқа элементтері бойынша – 71 043 КҚ;
- Қозғалтқыш және оның жүйелері бойынша – 18344;
- рама мен шанақтың жай-күйі бойынша – 423.
2016 жылы аумақтық көліктік бақылау органдарымен 146 техникалық байқау операторларына қатысты 278 тексеру өткізіліп, нәтижесінде 5 млн. 832 мың теңгені құрайтын 222 әкімшілік хаттамасы толтырылды. Сонымен қатар, 13 техникалық байқау операторы реестрден шығарылған.