Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы 25 қаңтардағы арнайы үндеуінде айтылған талқыланып жатқан конституциялық реформаның негізгі мәні Қазақстан Президентінің өкілеттіктерінің бір бөлігін Үкіметке және Парламентке беру болып табылады.
Министрлер кабинетіне экономика саласында қосымша өкілеттіктер беріледі, ал қорғаныс қабілетінің, сыртқы саясаттың, мемлекеттік басқарудың, Конституцияны қорғаудың және мемлекеттік билік тармақтары арасында тиімді жұмысты қамтамасыз етудің негізгі мәселелері Президенттің құзырында қала береді.
Бүкілхалықтық талқылаудағы Қазақстан Конституциясына өзгерістерді Үкімет ағымдағы сессияның соңына дейін Парламенттің қарауына енгізетінін айта кеткен жөн.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі өз үндеуінде бұл үдеріс ел дамуының жүйелі және заңды кезеңі болып табылатынын атап өтті.
«Үкіметті қалыптастырудағы Парламенттің рөлін күшейту, Министрлер кабинетінің депутаттық корпус алдындағы жауапкершілігін арттыру маңызды. Парламент сайлауында жеңіске жеткен партия Үкіметті қалыптастыруға шешуші ықпал етеді», – деп атап өтті Қазақстан Президенті өз үндеуінде.
Мемлекет басшысы мәлімдегендей, Бес институционалды реформалардың бірі Үкіметтің әлдеқайда ашық жұмысын көздейді.
Сонымен, Қазақстан Үкіметіне мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің және оларды іске асыруды ұйымдастырудың негізгі бағыттарын әзірлеу құқығы берілді.
Республика Президентінің келісімімен Үкімет мемлекеттік бағдарламаларды бекітеді және олардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Енді Үкімет оның құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарды құруға, қысқартуға және қайта құруға, олардың басшыларын қызметке тағайындауға және қызметтен босатуға құқылы.
Президентпен келісілген түрде мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдардың қызметкерлеріне төлемнің бірыңғай қаржылық жүйесін бекітеді.
Президент пен Парламент Мәжілісіне Үкімет қызметінің негізгі бағыттары мен оның барлық маңызды шешімдері туралы есеп береді.
Үкімет қайта сайланған ҚР Парламенті Мәжілісі алдындағы өз міндетінен босатылады.
Барлығы бірлесіп атқарушы мемлекеттік органдар мен олардың басшыларының жауапкершілігін арттырып, қажетті өкілеттіктерді үлестіретінін айта кету керек.
Қазақстан Президентінің өкімі бойынша мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді бөлу мәселелері жөнінде Жұмыс тобы құрылған болатын.
Талқылаулардың нәтижесі бойынша, Жұмыс тобы Мемлекет басшысының өкілеттіктерін бөлу бойынша Үкімет пен кейбір атқарушы органдарға жіберілуі мүмкін 40 ұсыныс әзірлеген.
«Жұмыс тобы Мемлекет басшысының экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік қызмет саласындағы ұйымдастырушылық-құқықтық өкілеттіктерін қайта таратуға бағытталған, Үкімет құзыретіне жіберілуі мүмкін, тұтас түзетулер кешенін ұсынған. Бұлар мемлекеттік-жекешелік әріптестік мақсаттарына жіберуге жатпайтын, нысандар тізімін құру бойынша, ынталандыру мақсатындағы экономиканың басым секторларын анықтау жөніндегі, кәсіпкерлік қызмет атқаратын және қайырымдылықтың дамуына үлкен үлес қосқан бизнес субъектілеріне арналған құрметті атақтарды беру тәртібін бекіту бойынша, сонымен қатар, Республикалық бюджеттік комиссияны қалыптастыру мен оның ережелері мен құрамын бекіту туралы, мемлекеттік жоспарлау мен өзге де жүйелерді анықтау жөніндегі қызметтер», - деп мәлімдеді ҚР әділет министрі Марат Бекетаев.
Министрдің айтуынша, бұл Үкіметке өзіне жүктелген міндеттерді тиімді жүзеге асырып, ұлттық экономика секторын тікелей реттеуге мүмкіндік береді.
«Ұйымдастырушылық-өкімгерлік сипатқа ие жеке өкілеттіктер де бар. Мысалға, мемлекеттік кәсіпорындарды құру; мемлекеттік сатып алу рәсімдерінен тыс жүргізілетін жұмыс, қызмет, тауар сатып алатын адамды анықтау; мерекелік күндер мен мемлекеттік орган туралы типтік ереже тізімін бекіту және т.б.», - деді әділет министрлігінің басшысы.
Жұмыс тобының пікірінше, Мемлекет басшысының бірқатар өкілеттіктері Президент Әкімшілігімен келісілген түрде Үкімет құзыретіне жіберілуі мүмкін. Бұл Мемлекет басшысының сыртқы және ішкі саясаттың, ұлттық қауіпсіздік пен елдің қорғаныс қабілетінің негізгі басымдықтарын анықтау жөніндегі қызметтерін сақтаумен шартталады.
Айта кету керек, қызметтердің осылай ауқымды түрде қайта қаралуы жалпы Үкімет пен оның жеке мүшелерінің жауапкершілігін арттыру мәселесін басым етеді. Осылайша, Қазақстан Республикасының Үкіметі жұмыс істейтін жаңа шынайылық шарттары құрылады. Бұл Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы үндеуімен анықталған, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру мен дамытудың мемлекеттік саясатының қисынды жалғасы.
(Түпнұсқадағы тақырып: "Конституциялық реформа: ҚР Үкіметінің жаңа өкілеттіктері")