«Бұл тұста Қазақстан мен Түркия мемлекетінің арасындағы қарым-қатынасты атап өткім келіп отыр. Бүгінде Анкара Астананың саяси және экономикалық тұрғыдағы ең жақын және сенімді серіктесіне айналды. Түркия қазіргі таңда экономикалық көрсеткіштері бойынша әлемдегі дамыған жиырма елдің қатарында. Әсіресе соңғы жылдары құрылыс, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу, фармацевтика, медицина салаларында аса белсенділік танытып, Қазақстанда және Оңтүстік Қазақстан облысына да өзінің даму үрдісін ұсынып келеді»,-деді әкім.
Айта кетейік, Түркия елі қазіргі таңда экономикалық көрсеткіштері бойынша әлемдегі дамыған 20 елдің қатарында. Түркия ұйымдасқан индустриялық аймақ құру бойынша бай және сәтті тәжірибе жинаған республика. Бүгінде Оңтүстіктегі түркиялық фирмалар мен компаниялардың саны 30-ға жетіп отыр. Бұл екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастың жоғары дәрежеде дамып отырғанын көрсетеді.
Оңтүстік Қазақстан облысы 3 миллион халқы бар, мықты экономикалық әлеуеті зор, серпінді дамып келе
Форумда аймақ басшысы облыстың даму жетістіктеріне тоқталып, түрік кәсіпкерлерін алдағы уақытта бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.
Жиында сондай-ақ, Түрік Кеңесі Бас хатшысының орынбасары Омер Коджаман, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің инвестициялар Комитетінің Төрағасы Сапарбек Тұяқбаев, Түркия Республикасы Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі Тарык Сонмез, Түркиядағы «OSTIM» индустриалды аймақтарды басқару және құру халықаралық операторының басқарма төрағасы Орхан Айдын, Түркияның Сакария қаласындағы сауда-өнеркәсіп палатасының басқарма төрағасы Махмут Косемусул баяндама жасады.
Инвестициялық форум барысында екі жақты ынтымақтастықты арттыру мақсатында меморандум түзілді.