Бұдан бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында шыны зауытында жұмыс істеп жатқан құрылысшылар бірнеше айдан бері еңбекақыларын алмағаны хабарланған еді.
Естеріңізге сала кетейік, «Бәйтерек ҰБХ» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросы хабарлағандай, ол бір топ адаммен алдын ала келісіп, бірнеше рет ірі көлемде пара алды деп айыпталуда. Бишімбаев Қызылорда қаласында табақ шыны шығаратын және өңдейтін зауытын салу кезінде «Orda Glass» ЖШС-ның ведомстволық бағыныстағы компаниясы мен оның мердігерлік ұйымы «Шымкентхиммонтаж» ЖШС арқылы 1 млрд теңге жымқыру қылмыстық схемасын ұйымдастырған деген күдікке ілінді. Осы орайда ол аталған соманың 2 млн АҚШ долларын өзіне алғандығы тексерілуде.
Дереккөз: ҚазАқпарат