Бүгін аймақ басшысы "Халифа Алтай" мешітіне арнайы барып, жаңа Toyota Camry автокөлігін табыстады. Даниал Ахметов көлікті алуға қолдау көрсеткен «Өскемен құрылыс» компаниясының директоры Ержан Ысқықовқа алғысын білдірді.
Сонымен қатар, облыс әкімі биылғы көктемде мешіт ғимаратының астында орналасқан көлік тұрағының төбесінен су ағуды тоқтату үшін жөндеу жұмыстары басталатындығын айтты.
Облыс әкімінің бақылауға алған тағы бір мәселесі – мешіттің жанынан 50-60 орындық медресе салу болатын. Даниал Ахметов қалалық әкімдікке медресе ғимараты үшін мешіттің жанынан жер бөлуді тапсырды.
Естеріңізге сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниял Ахметов өткен жылдың соңында облыстық әкімдіктің жиналысында мемлекеттік қызметкерлерге жұмыс уақытында жұма намазға баруға тыйым салған еді.
"Сайгез-ақпарат"