"Жазда, 30 маусымға дейін Сенат депутаттығына үміткерлердің кезекті сайлауы өтуі тиіс. Бұл сайлауларда басты жұмысты Астана және Алматы қаласындағы сайлау комиссиясының өкілдері атқарады. Дайындықты алдын ала бастау керек", - деді ҚР ОСК төрағасының орынбасары Владимир Фоос.
Оның айтуынша, 16 депутат таңдалады. Әр облыстан және Астана мен Алматы қалаларынан бір депутаттан таңдалады.
Сондай-ақ, наурыз бен қазанның соңғы жексенбілерінде заңға сәйкес мәслихат депутаттары сайланады. Мәслихат депутаттарының сайлауы 58 сайлау округінде, оның ішінде 13 облыстық, 9 қалалық және 36 ауданық мәслихатта өтеді.
"Тамыз айының басында аудандық маңызы бар қалаларда әкімдердің сайлауы және ауылдық округтерде әкімдердің сайлауы басталатынын ұмытпау керек", - деді ОСК басшысының орынбасары.
Дереккөз: tengrinews.kz