Сағадиевтің сөзінше, алға қойған міндеттерді жарты жылда орындауға болады. Ол төрт қала әкімдігінде (Астана, Алматы, Қарағанды және Қостанай) сынақ жобалар енгізіліп жатқанын айта кетті. Төрт жобаның ішінен республикалық деңгейге жарамдысын таңдап алатын жұмыс тобы құрылды.
"Балапан" бағдарламасы бойынша бөлініп жатқан қаржыны, университеттегі грантқа ұқсас етіп, ата-аналарға балабақшаның ақысын төлеу үшін үлестіру керек. Сол кезде ата-аналар ең жақсы мекемелерді таңдайды және мемлекеттік тапсырыс та соларға түсетін болады. Балабақша мемлекеттік пе, жекеменшік пе - маңызды емес", - деді министр.
"Сайгез-ақпарат"