«Феррохромды 188 мың тоннаға (+21% заттай) артығымен экспорттадық. Бірақ, ақшалай экспорттық түсім 15 млн. долларға төмендеді. Катодты мыстың экспорты физикалық көлемде 36 мың тоннаға өсті, бірақ төмендеген құндық мәні 90 млн. АҚШ долларынан астам. (Катодты мыстың экспорттық бағасы орташа есеппен 950 долларға, сары фосфор 1400 долларға төмендеді.)»,- деді министр.
Осыған байланысты Қытай, Иран, Түркия нарығына шығу жөніндегі, сауда миссияларын ұйымдастыру, экспорттық келісімдерді қаржыландыру, шығынды өтеу келісімдерін жүзеге асыру жолымен экспорттаушыларға көмектесу жұмыстары күшейтілді.
Министр Жеңіс Қасымбектің айтуынша, осы жұмыстардың нәтижесінде электротехника (+38,8%-тен 134,3 млн.долл, дейін), дайын металл бұйымдары (+11,4% 92,2 млн.долл дейін), резина және пластмасса бұйымдары (+14,5% 55 млн.долл.дейін), құрылыс материалдары (+43,6%-тен 50,2 млн.долл. дейін), және тағы басқа дайын өнім экспорты артатын болады.
«Аталған жұмысты күшейту үшін ҚР Үкіметі жанынан экспорт жөніндегі Ұлттық кеңес, ал КазЭкспортГарант базасында мамандандырылған ұлттық компания «KAZAKH EXPORT» құрылады.
Жалпы, 2017 жыл өңделген экспорт өсімінің қалпына келген жылы болады деп есептейміз»,-деді министр Ж.Қасымбек.