21.02.2017 в 18:29

Бүгін Қазақстанның бірнеше елшісі тағайындалды. Ал. Түркияда әлі елшіміз жоқ

Бүгін Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың Жарлықтарымен бірнеше елдің елшілері тағайындалды. Алайда, бұл тағайындаулардың арасында Түркиядағы Төтенше және өкілетті елшінің аты аталмаған. Жансейіт Түймебаевтың ОҚО әкімі болып тағайындалғанына 4 айдан (135 күн) асты. Ал, Түркия – Қазақстанның сыртқы саясатында үлкен маңызға ие елдердің бірі.

Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Үсен Әбдіқадырұлы Сүлеймен Қазақстан Республикасының Жаңа Зеландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы;

Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жанар Сейдақметқызы Айтжан Қазақстан Республикасының Лихтенштейн Князьдігіндегі, Ватикан Мемлекетіндегі, Қасиетті Иерусалим Иоанны, Родос және Мальтаның Егеменді Әскери Госпитальерлері Орденінің жанындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы;

Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сергей Нұртайұлы Нұртаев Қазақстан Республикасының Мальта Республикасындағы, Сан-Марино Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы;

Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеуов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы;

Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

Қайрат Асаниязұлы Саржанов Қазақстан Республикасының Аргентина Республикасындағы, Чили Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы;

Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Самат Исламұлы Ордабаев Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.