Мемлекет басшысы Бурабайда АҚШ Конгресінің мүшелері Дэйн Рорабакер мен Грегори Микспен кездесті, деп хабарлайды akorda.kz сайты
Жүздесу барысында қазақ-американ қарым-қатынастарының стратегиялық жағы, сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дамуы жайы талқыланды. Сондай-ақ, күнтәртібіндегі халықаралық өзекті мәселелер де қаралды.
Конгрессмендер Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық табыстарына тоқталып, екі елдің алдағы уақыттағы өзара әріптестігі жайын атап өтті.