23.02.2017 в 14:26

«ҚИДИ» АҚ 47 индустриалды-инновациялық қызмет субъектілерінің шығындарын өтеген

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Медиа орталығында «Өнімділік-2020» бағыты бойынша 2016 жылы атқарылған жұмыс қорытындыларына арналған баспасөз конференциясы өтті.

Индустриялды даму және өндірістік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Қанат Баитовтың айтуынша, бүгінде мемлекет өнімділікті арттыруды ынталандыру бойынша белсенді жұмыс істеп жатыр. Оның ішінде, инновациялық өңдеуді енгізу, заманауи басқарушылық технологияларды енгізу және негізгі кәсіпорын қорларын жаңғырту. Бүгінде ҚР ИДМ мен «ҚИДИ» АҚ бірлесіп, өндірушілерді ынталандыру бойынша жаңа сапалы стандартқа көшу, еңбек өнімділігі мен өндірістің тиімділігін арттыру жөнінде жоспарлы саясат жүргізіп келеді.

Осы мақсатта 2011 жылы «Өнімділік 2020» бағдарламасы іске қосылды. Бағдарламаның арқасында өндірісті модернизациялау есебінен «Мұнаймаш» АҚ, «АЗИЯ АВТО» АҚ, «Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС, «Стальцинк» ЖШС, «Онтүстік Құрылыс Сервис» ЖШС заманауи жоғары технологиялық станоктарды сатып алды. Осы арқылы бұл кәсіпорындарда еңбек өнімділігі 1,2-ден 2,8 есеге дейін артты.

«КазСтройСтекло» АҚ, «АВЗ» ЖШС, «ЦинКаз» ЖШС, «Милх» ЖШС сияқты кәсіпорындар басқарушы және өндірістік технологияларды енгізу есебінен орташа еңбек өнімділігін 1,6 есеге арттырды.

Бүгінгі таңда ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мемлекеттік қолдау құралдарын алудың жағдайларын жетілдіру бойынша керекті жұмыстар жүргізуде. Нақтырақ айтар болсақ, барлық құралдар бойынша мерзімді 24 айға дейін ұзарту және өтелетін соманы:

«өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» бойынша 30 млн. теңгеге дейін;

«индустриалды-инновациялық жобаның кешенді жоспарын дайындау және/немесе сараптау», «өндірістің ұйымдастыру тиімділігін арттыру» және «технологиялық процесстерді жетілдіру» бойынша 60 млн. теңгеге дейін өсіру.

2016 жылы «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ «Өнімділік 2020» бағыты бойынша шығынды қайтару тәсілі арқылы 66 индустриалды-инновациялық қызмет субъектілерінен шығындарды өтеу бойынша 88 өтінім түсті. Бұл туралы «ҚИДИ» АҚ қолдау құралы орталығы директорының орынбасары Диас Серіков мәлімдеді.

Оның айтуынша,  47 индустриалды-инновациялық қызмет субъектілерінен 60 өтінім мақұлданды, соның ішінде 58 өтінім бойынша шығындар қайтарылды.  2016 жылға бөлінген бюджеттік қаражат түгел игергендіктен 2 өтінім бойынша шығындарды қайтару 2017 жылы жүзеге асырылады.

Шығындарды қайтаруға мақұлданған өтінімдердің дені Астана (15), Алматы (9) қалаларынан және Қарағанды облысынан (6).

Диас Серіков атап өткендей, сала бойынша бәрінен көп өтінім берген азық-түлік өнімдерін өндіру саласы. Өйткені аталмыш салада ресейлік өндірушілермен қатаң бәсекелестік бар.  Содан кейінгі орында машина жасау, металлургия және металл өңдеу салалары.

Бәрінен де сұранысқа ие  «Технологиялық процесті жетілдіру шығындарын қайтару» және «Мекеме құзіретін арттыру шығындарын қайтару» тәсілдері болып табылады.

Бұл мекемелердің жаңа өндіріс технологияларын енгізуімен, жабдықтар сатып алуымен және қызметкерлерін оқытуымен байланысты.

«Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ «Өнімділік 2020» бағдарламасының операторы болып табылады.

Кәсіпорын шығындарының мынадай бөлімдерін қайтаруды жүзеге асырады:

- персоналдың біліктілігін арттыру;

- жаңа азық-түлік әзірлеу;

- инжинирингтік компаниялар тарту;

- шетелдік инженерлер мен техникалық мамандарға төлеу;

- ТЭО әзірлеу және т.б.

«Өнімділік 2020» бағыты бойынша қолдау шаралары еңбек өнімділігін арттыру және аумақтық кластерді дамытуға арналған Индустриалды-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау ережелеріне сәйкес қамтамасыз етіледі.